378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтауда үйінің терезесінен оқ атқан адам анықталды

  • 303
  • UPD: 23:18, 18.04.2019
Ақтауда үйінің терезесінен оқ атқан адам анықталды

Маңғыстау облысының полицейлері көп қабатты үйден сыртқа оқ атып, бұл әрекетін әлеуметтік желіге салған ер адамды анықтады.

Видеода анық көрініп тұрғандай, Ақтау қаласының тұрғыны түнгі уақытта үйінің терезесінен бірнеше рет оқ атады.

Видео авторы өз парақшасында көңіл-күйі жоқ кезде мұндайды жиі жасайтынын жазыпты. Тергеу-іздестіру тобы шұғыл әрекет етіп, қарудан оқ атқан азаматтың қайда тұратынын анықтаған. Пәтерді тінту барысында Калашников автоматы, Макаров тапаншасы мен пневматикалық мылтық тәркіленді.

Әйгерім Ибадуллаева, облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы:

- Тәркіленген қару-жарақ қолдан жасалған болып шықты. Мұндай атыс құралдары әдетте кино түсірілімдерінде қолданылады. Аталған дерекке байланысты қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Телеканал Хабар 24