378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қарағандыдағы шағын ұшақ апатына байланысты тергеу басталды

  • 242
  • UPD: 00:12, 22.04.2019

21 сәуір түстен кейін сағат 4 жарым шамасында Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылының маңында ұшақ құлап, екі адам опат болды.

Қазір бұл маң қоршауға алынып, күзет қойылған. 

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- ФК-14 маркалы шағын ұшақ Қарағанды маңындағы дәл осы жерге құлаған. Апат кезінде ұшақта екі адам болыпты. Олардың екеуі де оқиға орнында мерт болды. Бірі 1967 жылы туылған нұсқаушы, ал екіншісі небәрі 29 жастағы ұшқыш. Әзірге апаттың себебі белгісіз. Ұшақ авиациялық оқу-жаттығу орталығына тиесілі. Қазір апат орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары басталды.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

- Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 344-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай оқиға орнында облыстық полиция департаменті қызметкерлері авиация қызметкерлерімен бірлесіп, оқиғаның орнын қарау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ аталған фактіге қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Ардақ Асылханұлы, тілші:

- Әзірге қолдағы бар ақпарат осы, біз оқиғаны назарда ұстайтын боламыз.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Василий Савкин

Телеканал Хабар 24