378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматыда алкоголь өнімдерін шығарған астыртын цех анықталды

  • 416
  • UPD: 11:03, 26.04.2019
Алматыда алкоголь өнімдерін шығарған астыртын цех анықталды Днепр Час

Алматыда алколголь өнімдерін шығарған астыртын цех жабылды.

Оңай олжаға құныққан кәсіпкер қолдан сапасыз ішімдік жасап, оны қымбат арақ пен виски шөлмектеріне құйып сатқан. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері тағы да 2 мың тіркеу – бақылау маркасін тапты. Қазіргі таңда оның көлеңкелі бизнеспен қашаннан бері айналысқаны және өнімді қайда өткізгені анықталып жатыр. Сонымен қатар цехті тінту кезінде есірткі заты да шықты.

Жандар Ибрагимов, қалалық экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:

- Ұсталған негізгі күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетін түгелімен мойындап отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу органдарымен қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Көп ұзамай іс сотқа жөнелтіліп, күдіктілер жауапқа тартылады.

Қарағандыда қоқыс төгетін жәшіктен  жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Шақалақтың мәйітін сол маңды тазалап жүрген аула сыпырушысы тауып алған. Облыстық полиция депатаментінің хабарлауынша, баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Қазір қатігез анаға  іздеу жарияланды. Сонымен қатар, осы іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды.

Галина Енушкевич, қала тұрғыны:    

- Ертеңгісін қоқысты жинайтын көлік келген. Сонда бірақ байқаған ғой баланың денесін. Бұл істің бәрі не де болса түнде болған. Ұл бала деп естідім. Обал-ай. Көріп тұрсыздар ғой. Қоқыс төгетін контейнер көшенің бойында тұр. Нені болса да тастап кетуге болады. 

Петропавлдық өрт сөндірушілер бүтін бір отбасын өлім аузынан аман алып қалды. Оқиға орнына келген төтенше жағдай қызметкерлері 5-қабаттағы балконнан көмек сұрап тұрған 3 адамды байқаған. Құтқарушылар бірден жоғары көтеріліп, көк түтіннің арасынан әке-шешесі мен баласын сыртқа алып шықты.

Телеканал Хабар 24