378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қаламқас кен орнындағы апатқа кінәлі компания анықталды

  • 424
  • UPD: 14:15, 02.05.2019

Қаламқас кен орнындағы апатқа «Си Бу» инженерлі бұрғылау компаниясы кінәлі. Бұл туралы бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде өткен брифингте мәлім болды.

Апат себептерін тексеру жұмыстары барысында айыпты компания ұңғыманы бұрғылау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталған. Анығырақ айтқанда, мұнай және газ ұңғымаларын бекіту барысында цементтің қатаюын күтпестен ұңғыманың сағасы уақытынан бұрын герметизацияланған. Салдарынан техногендік газдың жиналуы себепті су-газ қоспасы атқылаған. Еске сала кетейік, наурыздың 13-і күні кен орны өртке оранып, тілсіз жау үш күнде зорға ауыздықталған еді. Апат себептерін тергеп тексеру нәтижелері құқық қорғау органдарына жіберілді.

Нығметжан Мақажанов, ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

- Бұл факті боынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Комиссияның тексеру нәтижелері құқыққорғау органдарына жіберілді. Әкімшілік кодекске сәйкес, айыпты компанияға 100 мрп көлемінде айыппұл салынып, әкімшілік өндіріп алу жазасы тағайындалады. Си Бу компаниясы қытайларға тиесілі.

Телеканал Хабар 24