379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


SCAT компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына апатты жағдайда қонды

  • 241
  • UPD: 23:57, 03.05.2019
SCAT компаниясының ұшағы Нұр-Сұлтан әуежайына апатты жағдайда қонды

SCAT  әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына апатты жағдайда қонды.

«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы SCAT әуе компаниясының Минеральные воды - Нұр-Сұлтан бағытындағы DV834 әуе кемесі салонында саңылаудың пайда болуына байланысты апатты жағдайда қону қаупі болғанымен, аман-есен қонғанын хабарлайды. Ұшақ бортында экипаждың 5 мүшесі мен 42 жолаушы болды», - деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі. «Ұшақ апатты жағдайда қонады деп күткендіктен бір чартерлік рейс пен Эйр Астана әуе компаниясының КС 280 рейсі қосалқы аэродромға ұшырылды. FlyArystan әуе компаниясына тиесілі КС 7056 рейсі кейінге қалдырылды», - деді әуежай қызметкерлері.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта елорда әуежайы штаттық режімде қызметін жалғастырып жатыр.

Телеканал Хабар 24