Балқашта жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты

Қарағанды облысында жүк көлігі мен полицияның қызметтік көлігі соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан бір тәртіп сақшысы көз жұмды. Ал көлікті тізгіндеген екінші полиция қызметкері ауыр хәлде жатыр. Оқиға бүгін таңертең Балқаш қаласының маңында болған.

Бақытжан Құдияров, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- ҚО ІІО басшылығы мен жеке құрамы қайтыс болған әріптесіміздің жақындарына көңіл айтады. Полиция аға лейтинанты Хайдар Оразбаев ІІО-да 1995 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарған. Отбасылы, 4 бала тәрбиелеген. Аталған факт бойынша ҚР 345-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Материалы по тегу