Өскеменнің су қоймасында үш адам құтқарылды

Өскемендегі су қоймасында 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш ер адам құтқарылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

6 мамырда сағат 23:39-да ШҚО ТЖД-ға Аблакетка айлағы ауданына қайықпен кеткен үш ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағы жеткен. Оқиға орнына барған құтқарушылар судың бетінен аударылған резеңке қайық пен 1986, 1989, 1990 жылдары туған үш зардап шеккен адамды тапты. Сондай-ақ ер адамдардың көмекке шақырған дауыстарын естіп, жақын жерде орналасқан «SUNRISE» резиденциясының қызметкері Эдуард Лискаускас катерімен келген, ол зардап шеккендерді «Жолбарыс-Күзет» күзет агенттігінің күзетшісі Талғат Дарубаевпен және құтқарушылармен бірлесіп жағаға шығарды. Осыдан кейін аударылған қайықты ШҚО ТЖМ Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жағаға жеткізген. Бұл жағдай қарапайым қауіпсіздік шараларының бұзылу салдарынан болған. 2 адамға арналған қайыққа шамадан тыс салмақ түсіп, соның салдарынан ол суға аударылған. Сондай-ақ ондағы үш адам құтқару күртешесін кимеген.

ШҚО ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды еске салады.

Материалы по тегу