Алматы облысында өрт кезінде сегіз адам құтқарылды

5 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінде өрт шықты.

Өрт туралы хабарлама Алматы облысы ТЖД сағат 14:43-те келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақыру орнына белгіленген нормативтік уақытта келіп жетті. Сағат 14:51-де келген сәтте пәтердің терезесінен ашық оттың жалыны көрінді, сондай-ақ барлау жүргізу барысында ғимараттың конструктивтік ерекшеліктерін, дәлізді жоспарлауына байланысты тұрғындарды эвакуациялау жолдары тығыз түтінмен және жоғары температурамен кесілгені анықталды. Көрші тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнді. Өрт көрші пәтерлер мен ғимараттың шатырына ауысу қатері болды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Талғар қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және Талғар ауданы ТЖБ қызметкерлері бір мезгілде өртті сөндіре отырып, адамдарды құтқару және эвакуациялау бойынша жұмысты дереу ұйымдастырды.

Қабылданған жедел шаралардың арқасында 8 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өрт сағат 15:12-де жойылды, жалпы ауданы – 24 ш.м. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің ғимарат шатырына және көрші пәтерлерге таралуына жол берілген жоқ. Өрттің алдын ала себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы болды.

Материалы по тегу