426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Алматыда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты

  • 206
  • UPD: 17:28, 16.09.2021
Алматыда оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаза тапты inform.kz

Алматы облысында парашютпен жоспарлы секіру оқу-жаттығуы кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшісі қаза тапты.

Марқұм 1990 жылы дүниеге келген. Өзге ақпарат туыстарының өтініші бойынша жария етілмейді. Марқұм бұған дейін 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.

Қорғаныс министрлігі және Қарулы Күштердің жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтады. Отбасына тиісті көмек көрсетіледі, делінген ресми хабарламада.

Другие материалы в этой категории: « Алматы облысында өрт кезінде сегіз адам құтқарылды
Телеканал Хабар 24