379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Сенат депутаттары Ғ.Нұрдәулетовтің Бас прокурор болып тағайындалуына келісімін берді

  • 194
  • UPD: 14:37, 18.03.2019
Сенат депутаттары Ғ.Нұрдәулетовтің Бас прокурор болып тағайындалуына келісімін берді

Жоғары палата депутаттары Ғизат Нұрдәулетовтың Бас прокурор болып тағайындалуына келісімін берді.

Конституция нормалары мен «Прокуратура туралы» заңға сәйкес сенаторлар Бас прокурор қызметіне жаңа адамды тағайындау үшін Президентке ұсыныс жасайды. Бүгін Сенат отырысында халық қалаулары бұл кандидатураны бірауыздан қолдады. Спикер Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Бас прокурордың жұмысына сәттілік тіледі.

Телеканал Хабар 24