379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


В.Андриевский: Нұрсұлтан Назарбаев – көреген саясаткер

  • 186
  • UPD: 10:43, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назрбаев тарихта өшпес із қалдырған әлемдік көшбасшылардың тізіміне кіреді.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің өкілеттігін тоқтатуына байланысты молдовалық саясаткер Виталий Андриевский осындай пікір айтты. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі дана саясатының арқасында Қазақстан халықаралық аренада жемісті жетістіктерге жетті.

Виталий Андриевский, саясаткер:

- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етті. Экономика саласы болсын, әлеуметтік сала болсын алға сүйреді. Қазақстанның даму бағдарламалары ең қызықты әрі өршіл екенін көрсетті. Және бұл жобаларды жүзеге асыру үшін әлемдік деңгейдегі мамандарды тартты. Ол Қазақстанды әлемге танытты. Менің ойымша, Нұрсұлтан Назарбаев тарихта өшпес із қалдырған әлемдік көшбасшылардың қатарына кіреді.

Телеканал Хабар 24