379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Испаниялық сарапшы: Нұрсұлтан Назарбаев Сирия бойынша келіссөздердің бастамашысы болды

  • 130
  • UPD: 14:00, 20.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіздік жылдары Қазақстанды экономикасы жақсы дамыған мемлекетке айналдырған көреген көшбасшы.

Испандық саясаткер көптеген кітаптар мен Қазақстан және Орталық Азия аумағы туралы мақаланың авторы Антонио Алансо Маркос осындай пікірде. Сонымен қатар сарапшы Қазақстанның Тұңғыш Президентін өз елінде ғана емес, бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін атқарған еңбегін ерекше атап, бітімгер ретінде де танылғанын айтады.

Антонио Алансо Маркос, саясаткер, CEU San Pablo университетінің адъюнкт-профессоры:

- Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің бейбіт және келісімде тұратын алып мемлекет. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі. Оның БҰҰ-ның құндылықтары мен қағидаларына сай келетін бітімгерлік бастамаларын да ерекше атап өткім келеді. Ол Сирия бойынша келіссөздердің бастамашысы болды. Бүгінде бұл ел – көп партия жұмыс істейтін Парламенті бар демократиясы дамыған ел. Қазақстан БҰҰ, сонымен қатар Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) көптеген кеңестерін орындады. Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өркендей алды.

Телеканал Хабар 24