379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


О.Гайдукевич: Нұрсұлтан Назарбаев – дәуірдің дара тұлғасы

  • 114
  • UPD: 13:50, 20.03.2019
О.Гайдукевич: Нұрсұлтан Назарбаев – дәуірдің дара тұлғасы

Беларусь саясаткерлері мен Еуразиялық экономикалық одақтың серіктестері Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқанына өкінішпен қарайды.

Жуырда Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентімен телефон арқылы хабарласты. Беларусь көшбасшысының айтуынша, жылдар бойы маңызды шешімдерді бірге қабылдаған әріптесінің бұл қадамын естігенде қимастық сезімде болды. Елдің өзге де саясаткерлері Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясаттағы тепе-теңдікті сақтай білген еңбегін ерекше бағалайды.

Олег Гайдукевич, Беларусь либерал-демократиялық партиясының бірінші орынбасары:

- Нұрсұлтан Назарбаев – дәуірдің дара тұлғасы. Ел билеген кезінде Қазақстан айтарлықтай көркейе түсті. Мемлекеттің жеткен жетістіктерінің барлығы Президенттің арқасында болды. Егемен, тәуелсіз ел атанды. Беларусь пен Қазақстан арасындағы жақсы қарым-қатынасымызды мақтан етеміз.

Телеканал Хабар 24