379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Э.Дюпуи: Қазақстанда саясаткерлердің жаңа буынына жол ашылады

  • 101
Э.Дюпуи: Қазақстанда саясаткерлердің жаңа буынына жол ашылады

Билікті демократиялық жолмен табыстау Қазақстанның өзгеріп жатқанын тағы бір рет дәлелдейді.

Еуропадағы перспективалық талдау мен қауіпсіздік институтының президенті Қазақстанда орын алып жатқан жағдай – билік жүйесін өзгертетін эволюция деп есептейді. 

Эммануэль Дюпуи, Еуропадағы перспективалық талдау мен қауіпсіздік институтының президенті: 

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және Ұлт көшбасшысы болып қала бермек. Билікті демократиялық  жолмен табыстау арқылы ол Қазақстанның және Орталық Азияның өзгеріп жатқанын растап отыр. Осының арқасында саясаткерлердің жаңа буынына жол ашылмақ. Сондай-ақ бұл билік жүйесін өзгертетін эволюция екені сөзсіз. Өзгеріске деген ұмтылыс тек саяси деңгейде ғана болып қоймай, сонымен бірге ол Қазақстан қоғамын да қозғауы мүмкін.

Телеканал Хабар 24