378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Б.Стюарт Елбасының демократиялық мемлекет құрудағы жасампаздық еңбегіне тәнті

  • 157
  • UPD: 23:46, 21.03.2019

Біріккен Корольдік парламенті қауымдар палатасының депутаты Боб Стюарт Нұрсұлтан Назарбаевтың демократиялық мемлекет құрудағы жасампаздық еңбегіне тәнті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – британиялық заң шығарушы органдағы беделді консервативті депутаттардың бірі әрі Қорғаныс жөніндегі комитеттің белсенді мүшесі. Бұдан бөлек Қазақстанмен байланыс тобының басшысы қызметін атқарады.

Боб Стюарт, Британиялық парламенттің қауымдар палатасының депутаты:

- Бұл Қазақстанның Орталық Азия мен Қиыр Шығысқа озық демократия моделі бола алатындығын көрсетеді. Президенттің өкілеттігін тоқтатып, өзгеге жол беруі – үлкен көрегендіктің белгісі. Бәлкім, демократия мінсіз емес те шығар. Бірақ қараңыз, қазір біз Лондонда тұрмыз. Абсолютті демократия орнату үшін бізге 800 жыл қажет болды. Бар болғаны 30 жыл ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті билікте жүріп, зор жетістіктерге жеткізе білді. Экономиканы гүлдендіре отырып, мемлекетті озық 50 елдің қатарына қосты.

Телеканал Хабар 24