378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ресейлік сарапшы: Екіжақты достық қатынас жалғаса береді

  • 200
  • UPD: 08:04, 22.03.2019
Ресейлік сарапшы: Екіжақты достық қатынас жалғаса береді

Ресей сасаттанушылары да ресми Астана мен Мәскеудің Еуразиялық экономикалық одақта, ТМД және өзге де халықаралық ұйымдардағы ұстанымы өзгеріссіз өрбитініне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еуразиялық экономикалық одақ институтының директоры Владимир Лепехин: «Саяси өтпелі кезеңде аса маңызды өзгерістер болады деп күтудің қажеті жоқ», – дейді.

Владимир Лепехин, ЕЭО институтының директоры:

- Менің ойымша, екіжақты қатынас өзгермейді. Себебі, стратегиялық мәселелер Ұлт көшбасшысының құзыретінде қала береді. Үкімет пен жаңа Президент шешетін тактикалық сұрақтар болатыны белгілі. Ал Еуразиялық экономикалық одақ, Ресей мен Қазақстан қатынасы, жалпы сыртқы саясат стратегиялық мәселелерге жатады. Биліктің ауысуы жалғасқанымен, Назарбаев Ұлт көшбасшысы болып қала береді.

Телеканал Хабар 24