379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Чон Се Гюн: Н.Назарбаев – әлем саясаткерлеріне үлгі тұлға

  • 167
  • UPD: 00:18, 22.03.2019

Нұрсұлтан Назарбаев – әлем саясаткерлері үшін үлгі боларлық тұлға.

Корея Республикасы ұлттық ассамблеясының бұрынғы төрағасы Чон Се Гюн Қазақстанның Тұңғыш Президентінің өз өкілеттігін тоқтатуын осылай бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Оның пайымынша, қазақстандық көшбасшы үлкен құрметке лайық. 

Чон Се Гюн, Корея Республикасы ұлттық ассамблеясының бұрынғы төрағасы:

- Нұрсұлтан Назарбаев расымен де ұлы тұлға. Соңғы 30 жыл ішінде ол Қазақстанды ядролық қарудан азат етті. Халықтың ықыласына ие болып отыр. Оның өз еркімен президенттік өкілеттігін тоқтататыны туралы естігенде көңілім түсті. Бірақ осы әрекеті әлемнің көптеген саясаткерлеріне үлгі болады деп ойладым. Мен Тұңғыш Президенттің Қазақстанның дамуына әлі де үлес қосарына сенімдімін.

Телеканал Хабар 24