379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Бірқатар ел басшылары Қ.Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

  • 122
  • UPD: 14:50, 22.03.2019
Бірқатар ел басшылары Қ.Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен, Армен Саркисянмен және Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылық айтып, Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығы одан әрі қарқынды дами түсетіне сенім білдірді.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Тәжікстан жағы бастамашы болды.

***

Сонымен қатар Қ.Тоқаев Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен телефон арқылы сөйлесті.

Армения Президенті Армен Саркисян Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Армен Саркисянға ризашылық білдіріп, Қазақстанның Армениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудағы саяси бағыты өзгермейтінін айтты.

Тараптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастырудағы айрықша рөлін атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

***

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Грузияның Премьер-министрі Мамука Бахтадземен телефон арқылы сөйлесті.

Мамука Бахтадзе Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, Қазақстанды одан әрі өркендету жолында табыс және зор жетістік тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Мамука Бахтадзеге ризашылық айтып, Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым-қатынастар екі ел халқының игілігі үшін одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Телефон арқылы сөйлесуге Грузия жағы бастамашы болды.

 

Телеканал Хабар 24