379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ердоған Қ.Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

  • 122
  • UPD: 16:31, 22.03.2019
Ердоған Қ.Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Режеп Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру және ынтымақтастықты дамыту ісінде ерекше роль атқарғанын атап өтті.

Тараптар бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.

Телеканал Хабар 24