379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Т.Усуяма: Назарбаев 30 жыл бойы елдің дамуы үшін еңбек етті

  • 98
  • UPD: 18:28, 22.03.2019

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешімі әлемде қызу талқыланып жатыр.

Халықаралық саясаткерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылардың пікірі әлі де толастар емес. Мәселен, Жапониядағы Цукуба университетінің профессоры Қазақстанның алғашқы басшысын «дәуір тұлғасы» деп атаса, аталған елдің депутаттары екі ел арасындағы байланысты тілке тиек етті.  

Тошунобу Усуяма, Цукуба университетінің профессоры:

- Президент Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бойы елдің дамуы мен халқының жағдайын жақсарту үшін еңбек етті. Қазақстан тәуелсіздік алған тұстан бері ол барлығын жаңадан бастауға мәжбүр болды. Мемлекетті қалыптастыру жолында аянбады. Оның басшылық етуімен Қазақстан дамушы елдердің арасында ойып тұрып орын алды.

Наокадзу Такемото, Жапония парламентінің депутаты:

- Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтату туралы шешімін естігенде таңқалдым. Оның ел дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Әсіресе, ол ядролық қарусыздану мәселесінде көп еңбек етті. Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастық жыл сайын нығайып келеді. Қазақстанда пайдалы қазбалар өте көп. Ал Жапония экономикасы жоғары технологияларға негізделген. Міне осы тұрғыда экономикалық салада екі ел бірін бірі толықтырып тұр.

Телеканал Хабар 24