380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті

  • 137
  • UPD: 13:21, 23.03.2019
Мемлекет басшысы Түркістан облысының жұртшылық өкілдерімен кездесті Zakon.kz

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Ең алдымен баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз рухани бай мұрамыздың жарқын символына айналды. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бұл мереке – халық бірлігінің негізі», – деді Мемлекет басшысы Касым-Жомарт Тоқаев.

Сонан соң сындарлы кезеңде қолдаған баршаға алғысын жеткізді. 

«Бүгін мен түркі дүниесінің рухани астанасы – Түркістанға тағзым ету үшін арнайы келдім. Осы киелі топырақта сіздермен жүздескеніме қуаныштымын. Түркістан – еліміздің алтын бесігі, мәдениетіміз бен руханиятымыздың символы және бүкіл халқымыздың бойтұмары.

Елбасының бұл қалаға ерекше мәртебе беру туралы шешімі кездейсоқ емес. Ежелгі Түркістанның жаңғыруы және жаңаруы даму жолымыздың дұрыстығын көрсетеді.

Президент ретіндегі алғашқы сапарымның Түркістаннан басталғаны мен үшін аса маңызды», – деді Мемлекет басшысы.

Телеканал Хабар 24