384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Әділет министрі елорданы қайта атау процедурасы жайлы айтып берді

  • 529
  • UPD: 15:46, 23.03.2019

Әділет министрі Марат Бекетаев елорданы қайта атау туралы түзетулер толықтай Ата Заңға сәйкес енгізілгенін атап өтті.

Және осы процедураның заңдық қырлары туралы айтып берді. Әділет министрлігі Конституцияның 91-бабында көрсетілгендей, астананы қайта атау үшін референдум өткізу туралы мәселені Президенттің қарауына енгізу үшін Жарлық жобасын әзірлеген. Бұл ұсынысты Үкімет қаулы түрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жіберді. Заң бойынша мұндай жағдайда Президент не оның өкілеттігін өзіне қабылдаған тұлға үш шешімнің бірін қабылдауы тиіс. Біріншіден, мәселені Парламенттің қарауына беруге, екіншіден: сұрақты республикалық референдумға шығаруға және, үшіншіден, Конституцияға түзетулер енгізу туралы ұсынысты қабылдамауға. Президент бірінші жолды таңдап, мәселені Парламенттің қарауына берді. Ал Парламенттің қос палатасы ұсынысты бірауыздан қолдады.

 

Телеканал Хабар 24