379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Халықаралық ҮЕҰ басшысы еліміздегі өзгерістерге қатысты пікір айтты

  • 142
  • UPD: 09:27, 27.03.2019

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың басшылары Қазақстандағы саяси өзгерістерге өз пікірлерін білдірді.

Мемлекет басшысының өкілеттілігін тапсыру елімізде бейбіт әрі тынық өткені оларға қатты әсер еткен. Бейбітшілік пен тұрақты даму үшін халықаралық федерациясының президенті Салли Кадердің айтуынша, бұл әлемде сирек кездесетін жайт және Қазақстан осы қадамымен өзге елдерге жақсы үлгі көрсетті.

Салли Кадер, Бейбітшілік пен тұрақты даму үшін халықаралық федерациясының президенті:

- Қазақстандағы ауыс-түйіс өте байсалды, бейбіт өтті, бұл қазіргі кезде өте сирек құбылыс. Тұңғыш Президентіңіз зор еңбек атқарып, Қазақстанды бүкіл әлемге танытты, көп бастаманы ұсынған, оның арасында Сириядағы жағдайды реттеу бар. Қазақстан халқына тек жақсылық тілеймін. Елдеріңізде бейбітшілікті нығайтуға көп еңбек еткен мақсаттарына берік, мейірімді адамдар тұрады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғасы білдіргім келеді.

Телеканал Хабар 24