377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Мемлекет басшысы РФ Президентінің көмекшісі А.Фурсенкомен кездесті

  • 162
  • UPD: 20:41, 28.03.2019

Қазақстан-Ресей әріптестігі мен одақтастығының және ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз етудің маңыздылығы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы президентінің көмекшісі Андрей Фурсенконы қабылдау барысында осындай мәселелерге мән берді. Басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қалыптастырған екі ел арасындағы өзара ықпалдастыққа жаңа серпін беру мәселесі талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірдің 3-і күні Ресей астанасына ресми сапармен барады. Жоғарғы деңгейдегі кездесулер барысында білім, ғылым, технология және мәдениет салаларындағы әріптестікті арттыру жайы қаралады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 3 сәуір күні менің Мәскеуге жасайтын алғашқы шетелдік сапарымның ұйымдастырылуына қатысты жылдам шешім қабылдағаныңыз үшін алғысымды білдіремін. Бұл оған көп көңіл бөліп отырмын. Сапарымның қорытындысы нәтижелі болады деген үміттемін.

Андрей Фурсенко, РФ Президентінің көмекшісі:

- Менің сапарым барысында екі бірдей маңызды мәселе болды. Біріншісі ғылым, екіншісі білім саласындағы әріптестік. Ұлттық биотехнологиялар орталығында болдым. Назарабаев университетіне де бардым. Ғылым саласындағы әріптестік қарқынды. Енді оны одан әрі дамыту керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Білім саласына құйылатын инвестиция өте маңызды. 67 мың қазақстандық қазір Ресейдегі оқу орындарындағы білім алып жатыр. Бұл дегеніміз, екі елдің байланысатын дамытатын жастар өсіп келетінін білдіреді. Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас өзіндік үлгіде екенін қашанда айтып отырады. Сондықтан менің мемлекет басшысы ретіндегі міндетім екі жақты байланыстың дамуына қосымша серпін беру. Сол арқылы стратегиялық жоспарларымызды жүзеге асыруға жол ашылады.

Телеканал Хабар 24