377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Б.Атамқұлов Бейжіңде Қытай Төрағасының орынбасары Ван Цишанмен кездесті

  • 141
  • UPD: 13:38, 30.03.2019
Б.Атамқұлов Бейжіңде Қытай Төрағасының орынбасары Ван Цишанмен кездесті

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Бейжіңге жасаған ресми сапары аясында Қытай Төрағасының орынбасары Ван Цишанмен кездесті.

Бейбіт Атамқұлов екі ел арасында ортақ мүдделерге негізделген ұзақ мерзімді достық қарым-қатынастың орнағанын атап өтті. Қазақстан Қытайдың жетістіктерін жоғары бағалайды, даму жолын назарында ұстайды. Сондықтан «Бір белдеу, бір жол» бастамасы мен басқа салалардағы әріптестікті арттыруға ниетті. Көп тарапты механизмдердің аясындағы үйлесімге ықпал етіп, екі жақты қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереді – деп атап өтті Бейбіт Атамқұлов. Ал Ван Цишань Қазақстан мен Қытай достығының берік, мемлекетаралық саяси сенім мығым, ал көшбасшылардың стратегиялық басшылығы мықты екенін айтты.

Телеканал Хабар 24