377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барады

  • 143
  • UPD: 13:52, 11.04.2019

Президент өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен танысып, Ақтаудағы бірқатар нысанды аралайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа әуелі Ақтау теңіз портында жүзеге асырылатын жобалар жөнінде баяндалмақ. Еліміздің батыс қақпасы саналатын аумақтан өткен жылы 3 жарым млн тонна жүк тасымалданған екен. Отандық өнімдер Шығыс Еуропа және Иран елдеріне жеткізілген. Биыл жүк тасымалы көлемін 4 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Осыдан кейін мемлекет басшысы өңірдегі әлеуметтік нысандарды аралайды. Ізінше кәсіпкерлерді қолдау орталығына барады. Ал ертең Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс активімен кездесуі көзделген. Жиында халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарламалар сөз болады деп күтілуде.

Телеканал Хабар 24