379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еуродепутат кезектен тыс президент сайлауына қатысты пікірімен бөлісті

  • 72
  • UPD: 14:39, 11.04.2019

Еуропалық Парламент депутаттары Қазақстандағы кезектен тыс сайлау жайлы пікірлерін білдіруде.

«Елбасы қолға алған реформаларды әрі қарай жалғастыру үшін дәл осы кезең жаңадан Президент тағайындауға ыңғайлы» дейді олар. тақырыпқа қатысты біздің арна тілшісіне Орталық Азия елдері бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы сұхбат берді. 

Ивета Григуле, еуродепутат, Орталық Азия елдері бойынша еуропарламент делегациясының басшысы:

- Бұл мәселені неғұрлым тезірек шешіп, халыққа сайлау мүмкіндігін бергені дұрыс болған. Халықтың сенім артып, өз Президентін өзі сайлап алуы аймақтағы инвестициялық климатты сақтап, халықаралық қауымдастық алдында шетелдік әріптестермен байланысты сақтауға мүмкіндік береді. Президент болып кім тағайындалса да, Қазақстандағы жақсы бастамаларды ары қарай жалғастыратын, аймақтағы бейбітшілік пен келісімді сақтай алуы маңызды. Себебі Еуропалық Одақ үшін Қазақстан сенімді әріптес, сондықтан даму бағытынан таймауын тілейміз.

Телеканал Хабар 24