379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Әлемдік БАҚ Қ.Тоқаевтың Ресейге ресми сапары туралы жазды

  • 69
  • UPD: 15:31, 11.04.2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге ресми сапары әлем ақпарат құралдарының назарында. Қазақстан басшысының алғашқы шетелдік сапары жайлы «Комсомольскаяя правда! Казахстан» газеті «Визит особого назначения» атты көлемді мақала жариялады.

Автор онда Тоқаевтың стратегиялық әріптес елге сапарын жан-жақты талдап, Ресей басшылығымен өткен кездесудің барысын қорытындылайды. Сарапшылардың келіссөзде қордаланған мәселелер тереңнен талқыланып, екіжақты ынтамқтастықтың жалғастығын көрсетті деген пікірлерін түйіндейді.

«Қазақстанның екінші президентінің аузынан «сабақтастық» сөзі бірнеше мәрте нық айтылды. Соңынан іле-шала екі ел бұқаралық ақпарат құралдарының басты тақырыбына айналған «Қазақстан - Ресей қарым-қатынасында алтын заман басталады» деген сөзін қайталады. Осыдан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей байланысы әрқашан берік бола бермек деген пікірін тағы бір рет еске салды»

Бұдан бөлек мақала авторы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары ресми келіссөзбен ғана шектелмегенін айтып, оның Ресей және халықарлық ғылым ортасында кеңінен танымал, саяси тәлімгері болған Леонид Млечинмен кездесуіне назар аударады. Жазушы әрі деректі фильмдер түсіруші Млечиннің Тоқаевпен кездесуінен алған әсері мен ойларын саралайды.

Леонид Млечин, жазушы, халықаралық телерадиоакадемияның вице-президенті:

- Мен Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты баяғыдан білемін. Біздің Ресей дипломаттарының арасында және мен көп жылдан бері сабақ беріп келе жатқан, өзі оқыған Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар инстутында достарымыз бен таныстарымыз көп. Кездесуіміз де өте жақсы өтті. Мен оның мінезінен, адаммен тілдесіп, араласуынан еш өзгеріс байқағаным жоқ. Алдымда үлкен мемлекеттің президенті тұрғанын сезбей де қалдым. Сол баяғы зиялы, ашық және ақ пейіл қалпы. Екеуіміздің талқылайтын тақырыбымыз көп еді, енді олардың қатары тіпті көбейді.

Телеканал Хабар 24