379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Кореялық саясаткер кезектен тыс президенттік сайлауға үміт артады

  • 71
  • UPD: 18:24, 12.04.2019
Кореялық саясаткер кезектен тыс президенттік сайлауға үміт артады

Оңтүстік Корея саясаттанушылары жаңадан сайланатын президент Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгерлік саясатын жалғастырады деген үмітте.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы елшісі Пэк Чу Хён бізге берген сұхбатында осындай пікірімен бөлісті. Айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті ауқымды инвестицияларды тартып, елдің әл-ауқатын жақсартуға бар күшін салды. Сол себепті Қазақстан Орталық Азия елдері арасында көш бастады. Бұдан бөлек ядролық қаруды тараптау саясаты жаһан жұртына үлгі болды. Бұрынғы елшінің сөзінше, бүгінде Сеулде ядролық қарудан бас тартудағы Қазақстанның тәжірибесі зерделеніп жатыр. Бұл Корей түбегін ядролық қарудан азат етуге септігін тигізуі рас. 

Пэк Чу Хён, Кореяның Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ауғанстан, Сирия мен Ирандағы халықаралық кикілжіңдерді бейбіт түрде шешуге көп күш салды. Оның бітімгерлік саясаты Корей түбегін ядролық қарудан азат етуге ынталандырды. Президенттік сайлаудан кейін Қазақстанның Оңтүстік Кореямен арадағы қарым-қатынасы одан сайын кеңейе түседі деп сенеміз.

Телеканал Хабар 24