377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қ.Тоқаевтың бірнеше жыл шетелде қызмет еткені сайлауға қатысуына кедергі емес – Заңгер

  • 100
  • UPD: 20:32, 12.04.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірнеше жыл БҰҰ жүйесінде, яғни шетелде қызмет еткені сайлауға қатысуына кедергі болмайды.

Бұл туралы журналистермен өткен кездесуде «Заңгерлер – әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері мәлімдеді. Олар тәуелсіз сарапшы ретінде саяси науқанға дайындық барысын қадағалайды. Сосын ел арасында сайлау науқанының заңнамалық нормаларын түсіндіреді. Заңгерлер президент сайлауына мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем емес, ел аумағында 15 жыл тұрған, сайлау құқығы бар кез келген азамат қатыса алатынын еске салды.

Марат Сәрсенбаев, заңгер:

- Қасым-Жомарт Кемелұлына қатысты айтатын болсақ, ол өзге елге тұрақты мекен-жайын ауыстырып барған жоқ. Швейцарияға да қызмет бабымен барған. ҚР «Дипломатиялық қызмет» туралы Заңының 15 бап 1-тармағына сай дипломатиялық қызметте істейтіндер шетелдік мекемелерге және халықаралық ұйымдарға іс-сапарға бара алады. Ал президент БҰҰ жүйесінде жұмыс істеді. Яғни Қ.Тоқаев мырзаның немесе басқа да азаматтардың  БҰҰ-дағы қызметі Қазақстанның заңнамасы аясында жүзеге асырылған.

Телеканал Хабар 24