376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Еуропарламент кезектен тыс президенттік сайлаудың әділ өтетініне сенім білдірді

  • 95
  • UPD: 19:58, 15.04.2019

Еуропарламент Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау ашық және әділ өтеді деген сенімін білдірді.

Сондай-ақ, заңды сайланған жаңа мемлекет басшысы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалаған даму бағытын жалғастырады деп үміттенеді.  Бұл туралы тілшімізге берген сұхбатында Еуропарламенттің сыртқы істер Комитетіне мүше Андрей Мамыкин мәлімдеген. Оның айтуынша, Еуроодақ қол қойылған келісімдер аясында Қазақстанмен саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастық орнатуға ниетті. Сондай-ақ, Андрей Мамыкин қазақстандықтар сайлауға жоғары жауапкершілікпен қарап, белсенді қатысатынына ерекше назар аударды. Ол 2015 жылғы президенттік сайлауға бақылаушы болып келгенде осыған куә болған.  

Андрей Мамыкин, Еуропарламенттің Сыртқы істер комитетінінің мүшесі:

- Еуроодақ сайлаудың ашық әрі әділ өтуін және халық сайлаған заңды Президентті күтеді. Ал еуропалық елдер мықты экономика мен сауда ынтымақтастығын дамытуға, тіпті әскери салада да Қазақстанның арнайы қызметтерімен қарым-қатынас орнатуға мүдделі. Қазақстан халқының бұған дейін де сайлауларға белсенді қатысып жүргенін білеміз. Бұл жақсы үрдіс. Қазір Батыс Еуропадағы кейбір елдердегідей саяси селқостық жоқ.

Телеканал Хабар 24