379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елбасы Қорғаныс министрі Н.Ермекбаевты қабылдады

  • 241
  • UPD: 23:40, 18.04.2019

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрін қабылдады. Нұрлан Ермекбаев Тұңғыш Президентке Қауіпсіздік Кеңестің соңғы отырысында айқындалған міндеттердің орындалу барысымен Қарулы Күштердің 2030 жылға дейінгі даму концепциясы туралы баяндады.

Бүгінде қазақстандық әскерлер заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етіліп, жауынгерлік дайындық іс-шаралары жоспарға сәйкес жүзеге асып келеді. Бұл орайда Алматы облысында осы күндері «Айбалта» стратегиялық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Айту керек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін басқарады. Бұл құрылым еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанның мемлекеттік егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау секілді аса маңызды құзыретке ие.

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Өткен қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмаларыңызды істеп жатырмыз. Осы Қарулы Күштерді 2030 жылға дейінгі Концепция бойынша нақты іс-шаралар қолдануда. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етіп жатыр. Жауынгерлік даярлық бойынша жоспарланған шаралар іске асырылып жатыр. Оның ішінде 15 сәуірде ауқымды операвтитік стратегиялық «Айбалта 2019» оқу-жаттығуы басталды. Ол мамырдың 3-іне дейін созылатын болады. Мамырдың үшінде оның аяқталу кезеңі «Көктал» полигонында өтетін болды.

Телеканал Хабар 24