378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Елбасы Нұр-Сұлтан қаласын дамыта түсу жоспарларымен танысты

  • 201
  • UPD: 23:20, 23.04.2019

Қазақстанның Тұңғыш президенті елорданың даму жоспарымен танысты. Қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа құрылыс қарқыны мен алдағы жоспарлар жайында мәлімдеді.

Елбасы қала тұрғындары үшін жайлы жағдай жасау мен әлеуметтік инфрақұрылым қолжетімдігін арттыру керектігін атап өтті. Бұған қоса елорданың құрылыс қарқыны әлемдік тәжірибеге негізделген болуы керек деді. Бұған қоса жиында газбен қамту, көгалдандыру, жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі және жолдағы көлік жүктемесін жеңілдету мәселелері де сөз болды.

Бақыт Сұлтанов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Сіздің тапсырмаңыз бойынша 2050 жылға дейінгі стратегияның жоспарын құрып жатырмыз. Халықаралық мамандарды тарттық. Ең басты мақсат - елорданы ғаламдық деңгейде дамыту. Әсіресе қаланы газбен қамту мәселесі ерекше назарға алынды. Биыл оған қажетті барлық қаржы бөлінді. Бұған қоса, біз бірінші және екінші жылу электр орталықтарын іске қосамыз.

- Этот газ к концу года подключат?

- Чтобы не было эффекта сухой трубы. То есть придет магистраль.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Главное, почему я это затеял, из-за того, что удивительный смог в Астане. И самострой весь на газ перевести.

Телеканал Хабар 24