379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Н.Назарбаев Венгрия Премьер-министрімен кездесті

  • 254
  • UPD: 21:36, 24.04.2019

Нұрсұлтан Назарбаев Венгрия Премьер-министрін қабылдады. Кездесу барысында Елбасы екі ел арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай нығайту маңызды екенін атап өтті.

Ал Виктор Орбан тыныштық пен тұрақтылық жағдайында жүзеге асырылған Қазақстандағы билік сабақтастығына жоғары баға берді. Сондай-ақ қос тарап өңірлік және жаһандық мәселелерді де талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

-В Казахстане хорошо относятся к Венгрии и к Вам лично. Вы – уникальный европейский политик. Ведете свою собственную линию, несмотря на сопротивление. Я эту вашу линию очень поддерживаю.

Виктор Орбан, Венгрия Премьер-министрі:

- Сіз осындай күрделі үдерісті тұрақтылық жағдайында іске асырдыңыз. Мұны жүзеге асыру оңай емес. Адамдар үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты арта түседі. Сондықтан мен Сізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Біз Сізді Мажарстанның нағыз досы деп санаймыз. Сондықтан, біздің елге шақыруымды қабыл алсаңыз, біз үшін зор мәртебе болар еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Президенту не так просто оставить свой пост и отдать другому. Но когда думаешь о стране - это возможно.

Телеканал Хабар 24