378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Ауыл» партиясы президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынған Т.Раxымбеков құжаттарын тапсырды

  • 243
  • UPD: 17:48, 26.04.2019

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынған Төлеутай Раxымбеков Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Талапқа сай ол 7 құжат өткізу керек. Олар қоғамдық бірлестіктің сайлауға түсетін кандидатты ұсыну туралы xаттамасының көшірмесі, кандидаттың дауысқа түсуге келісім беруі туралы өтініш, өмірбаян деректері, сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат, жеке куәлігі мен дипломдарының көшірмесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер. Комиссия мүшелері Төлеутай Раxымбековтың құжаттарын қабылдап, протоколға қол қойды. Енді құжаттағы деректерді мемлекеттік мекемелер тексереді. Одан кейін Төлеутай Раxымбеков лингвистикалық комиссияға қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек.

Телеканал Хабар 24