378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


ҚКХП-ның Алматы қалалық филиалы өз үміткері үшін 17 мың қол жинаған

  • 127
  • UPD: 23:18, 03.05.2019

Қазақстан Коммунисттік Халық Партиясының Алматы қалалық филиалы да өздерінің үміткерлері үшін қазірдің өзінде 17 мың қол жинағандарын айтады.

Талап бойынша әр өңір сайлаушылардың бір пайызының қолын жинау қажет. Яғни Алматы қаласы бойынша 14-15 мыңдай болса да жеткілікті. 

Ләйлә Төлеуғалиева, Қазақстан Коммунисттік халық партиясы  қалалық филиалының хатшысы:

- Қазақстан Коммунисттік Халық партиясы Алматы қалалық филиалы бойынша қол қою парағын толтыруды бастап кеттік, яғни сайлаудың шарты бойынша біз Алматы қаласы сайлаушылардың бір пайыз дауыстарын жинау керекпіз. Яғни біз біршама дауысты жинап бітірдік. Және де дәл қазіргі уақытта ертеңгі күні біз бітіреміз деген ойдамыз.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Телеканал Хабар 24