378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының сайлау штабы құрылды

  • 164
  • UPD: 14:00, 05.05.2019

«Нұр Отан» партиясы электоралды кезеңде заманауи ақпарат құралдарын белсенді қолдануды көздейді.

Интернет пен әлеуметтік желілердің мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады. Бұл үшін өңірлердегі штабтар жанынан жастар қанаты да құрылуда. Ақтөбеде сайлау штабы ашылды. Облыс бойынша 13 орталықта 500-ден астам партия мүшесі еңбек етеді. Заңнамаға сәйкес штаб жұмысы 11 мамырда басталады. «Нұр Отан» ғимаратында қосымша қоғамдық қабылдау бөлімі де ашылады.

Сәния Қалдығұлова, «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық штабының жетекшісі:

- Ақтөбе облысында «Нұр Отан» партиясы атынан сайлауға түскен үміткерді қолдайтын 14 мыңнан астам азаматтың қолы жиналды. Сенімді тұлғалар белсенді еңбек етіп, бұл көрсеткіш санаулы күннің ішінде тіркелген. Және қойылған қолдың барлығы да расталды.

Ескерте кетейік, елімізде 9 маусымда өтетін саяси дода мен оған қатысуға бел буған үміткерлер туралы барлық жаңалықты, сондай-ақ сарашылар пікірлерін сайтымыздан #президенттік сайлау 2019 хештегі арқылы оқи аласыздар.

Телеканал Хабар 24