421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қ.Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

  • 163
  • UPD: 16:48, 15.12.2020
Қ.Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссияның шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша магистратура мен докторантураға оқуға баратын, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберілетін 123 үміткер анықталды.

Бұған дейін 2020 жылғы конкурстық іріктеудің екі легінің нәтижесінде комиссия шешімімен 163 стипендия тағайындалған болатын. 

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 621 стипендиат білім алып жатыр, атап айтқанда, 524 стипендиат 19 елде, 97-сі Қазақстан аумағында қашықтан оқиды.

Телеканал Хабар 24