424,15 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

  • 172
  • UPD: 20:08, 23.06.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 19-20 мамырда Душанбеге жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды.

Екі елдің көшбасшылары өзара сауда-саттықты ұлғайту, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында үкіметтердің уақытылы әрі тиімді іс-қимылдарының маңызды екенін айтты. 

Эмомали Рахмон Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді. 

Мемлекет басшылары Ауғанстандағы ахуалдың шиеленісуіне байланысты өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Тараптар екі жақты форматта да, көп жақты құрылымдар аясында да, соның ішінде әскери-саяси сипаттағы бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті. 

Сондай-ақ алдағы кездесулер кестесі талқыланды.

Телеканал Хабар 24