379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Грек-рим күресінен ұлттық құрама Азия чемпионатынан 6 медаль жеңіп алды

  • 194
  • UPD: 17:17, 22.03.2019
Грек-рим күресінен ұлттық құрама Азия чемпионатынан 6 медаль жеңіп алды olympic.kz

Күрес түрлерінен Улан-Баторда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде қазақстандық балуандар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Грек-рим күресінің шебері, 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Қызыров Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ 97 келідегі Олжас Сырлыбай да қарсылас шыдатқан жоқ.

60 келідегі Дастан Зарлыханов, 82 келідегі Қуанышбек Досжановтар күмістен алқа тақса, 77 келідегі Қахарман Қисметов пен ауыр салмақтағы Саркис Пшеничников қола жүлде жеңіп алды.

Телеканал Хабар 24