378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Барселона» Мессиге жаңа келісімшарт ұсынады

  • 118
  • UPD: 22:26, 05.04.2019
«Барселона» Мессиге жаңа келісімшарт ұсынады

«Барселона» клубының президенті Хосеп Мария Бартомеу шабуылшы Лионель Мессимен келісімшарт 2017 жылы ғана қайта жасалғанына қарамастан жаңасын ұсынбақ.

– Мессидің келісімшартын жаңартпақпыз. Ол әлі жас. Қазіргі келісімшарты бойынша әлі екі жылы бар. Бірақ ол уақыт өткен сайын дамып келеді. Жақын уақытта жаңа келісімшартты қарайтын боламыз, – деді клуб президенті.

Айта кетейік, биылғы маусымда 31 жастағы футболшы «Барселона» сапында қатысқан 39 матчында 42 гол соқты.

Телеканал Хабар 24