377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


6 сәуір – халықаралық үстел теннисі күні

  • 98
  • UPD: 16:12, 06.04.2019
6 сәуір – халықаралық үстел теннисі күні

6 сәуір күні әлемдік спорт қоғамдастығы Бүкіләлемдік үстел теннисі күнін атап өтуде.

Бұл мерейлі дата Халықаралық спорт күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Әлемде бұл екі мерекенің бір күнде тойлануы кездейсоқ емес. Бұқаралық әрі қолжетімді спорт түрі саналатын үстел теннисі елімізде жоспар бойынша дамып келеді. 

Бүгінгі таңда ел аймақтарындағы материалдық-техникалық базаны күшейту арқылы балалар мен жасөспірімдер мектебінде үстел теннисімен шұғылданушылар санының артқанын байқадық. Сондай-ақ ұлттық құрамаға спортшылар дайындау бір ізге түсіп, атлеттеріміз жаңа табыстарға жете бастады.

Биылғы жыл спортшыларымыз үшін өте маңызды. 2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеу сындары басталады. Ал сәуір айының ортасында біздің командамыз Венгриядағы әлем чемпионатында бақ сынайды.

olympic.kz

Телеканал Хабар 24