379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Головкиннің қарсыласы өз жеңісіне сенімді

  • 124
  • UPD: 09:48, 17.04.2019
Головкиннің қарсыласы өз жеңісіне сенімді

Канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10 KO) Геннадий Головкиннен (38-1-1, 34 КО) жеңілу үшін рингке шықпайтынын айтты.

«DAZN мен GGG-ге маған осындай тамаша мүмкіндік бергендері үшін алғысымды білдіремін. Мен өзімді осал боксшылардың қатарынанмын деп есептемеймін, Головкин қарапайым адам ғой, екеуміздің арамызда өтетін жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз есімімді орта салмақтағы мықтылардың қатарына қосқым келеді», - деді Роллс.

Головкин-Роллс жекпе-жегі 8 маусымда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтеді.

Телеканал Хабар 24