378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Азия чемпионатында еліміздің қоржынына ауыр атлетикадан алғашқы медаль түсті

  • 247
  • UPD: 17:55, 20.04.2019
Азия чемпионатында еліміздің қоржынына ауыр атлетикадан алғашқы медаль түсті

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алғашқы жүлде Қазақстан құрамасы қоржынына түсті.

Ауыр атлет Арли Чонтей қола жүлдегер атанды. Ол 55 келі салмақта сынға түсті. Ол серпуде 113, жұлқуда 133 келіні төбесіне көтерді. Нәтижесінде қоссайыстың қорытындысында 246 келіні бағындырды. Қазақстандық ауыр атлет серпуде екінші болды. Айта кетерлігі, Арли Чонтей Азия чемпионатында тұңғыш рет жүлдегер қатарынан көрініп отыр. Сондай-ақ ауыр атлет 2017 жылы жазғы Универсиада ойындарында қола алса, 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарында төртінші орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, ауыр атлетикадан Азия чемпионаты 18-28 сәуір аралығында өтеді. Құрлықтық дода 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама беретін лицензиялық турнир саналады.

Телеканал Хабар 24