379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Алматы марафонына 17 мың адам қатысты

  • 196
  • UPD: 19:43, 21.04.2019
Алматы марафонына 17 мың адам қатысты

Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон аяқталды. Осымен 8-рет өткізілген шараға биыл 17 мың адам қатысты, оның 2 мыңға жуығы 53 елден келген спортшы мен меймандар.

Марафон таңғы сағат сегізде басталды. Алдымен, 3 шақырым қашықтықта 10-14 жас аралығындағы балалар жарысты. Одан кейін 10, 21, 42 шақырымдық сайыс өтті. Ал түске таман негізгі 42 шақырымдық жарыс аяқталды. Бұл қашықтықта биыл өзбекстандық Зікірло Маматқұлов жеңімпаз атанды. Айта кетерлігі, марафонға егде жастағы азаматтар да көптеп қатысқан. Жалпы бұл спорттық әрі қайырымдылық шараға қатысу ақылы. Ең ұзақ қашықтық, яғни 42 шақырымға жүгірушілер марафон қорына 10 мың теңге төлеуі тиіс. Жиналған қаражат №15 мектеп-интернатына спорт кешенін салуға және сал ауруына шалдыққан балаларды сауықтыруға жұмсалады.

Түгелбек Қасымов, марафоншы:

- Мен биыл 10 км жүгіріп отырмын. Былтыр 21 км жүгіргенмін. Қазір тура 1 сағат уақытта келдім. 74 жастамын. Бейбітшілікті насихаттаймын, халықтар достығын насихаттаймын.

Шыңғыс Қыдырманов, джиу-джитсудан әлем чемпионы:

- Осы 10 шақырым жүгіріп, 55 минут ішінде жүгірдім. Бәрен рахмет. Орнагизация мықты болды.

Телеканал Хабар 24