379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


«Реал» ойыншысы клубтың 117 жылдық тарихында болмаған бірегей рекорд орнатты

  • 471
«Реал» ойыншысы клубтың 117 жылдық тарихында болмаған бірегей рекорд орнатты vesti.kz

Мадридтік «Реал» шабуылшысы Карим Бензема бильбаолық «Атлетико» қақпасына хет-трик салып, бірегей рекорд орнатты. 

Ол соңғы сегіз голын бес матчта салды.  

MisterChip твиттер желісінде хабарлағандай, мұның алдында «Реалдың»  бірде-бір футболшысы клубтың 117 жылдық тарихында мұндай жетістікке жетпеген.

Бензема «Реал» сапында 2009 жылдан бері ойнап келеді. Тоғыз жылда 31 жастағы шабуылшы 17 трофей ұтып алған, оның ішінде екеуі – Испания чемпионатының титулы мен Чемпиондар лигасының төрт кубогы. Биылғы маусымда Бензема Испания премьер-лигасында 33 матчке қатысып, 21 гол салды және бес нәтижелі пас берді. 

Ақпарат көзі: vesti.kz

Телеканал Хабар 24