378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Мессидің жалғыз голы «Барселонаға» Испания чемпионы атағын сыйлады

  • 115
  • UPD: 13:44, 28.04.2019

«Барселона» өз алаңында «Леванте» командасын жеңіп, 26-рет Испания чемпионы атанды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Камп Ноу» стадионында болған ойын 1:0 есебімен «Барселона» жеңісімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды 62-минутта Лионель Месси соқты.

Чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда «Барселона» 83 ұпай жинап, екінші келе жатқан мадридтік «Атлетиконы» тоғыз ұпайға озды. Командалардың ұпайы тең болған жағдайда да, турнир аяқталған соң каталон клубы қосымша көрсеткіштер бойынша жоғары орналасады. 

Телеканал Хабар 24