384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Түркістанда «Sport FEST Kazakhstan» жобасына іріктеу ойындары басталды

  • 535
  • UPD: 23:58, 30.04.2019
Түркістанда «Sport FEST Kazakhstan» жобасына іріктеу ойындары басталды

Түркістанда мектеп оқушылары арасындағы республикалық «Sport FEST Kazakhstan» жобасына облыстық іріктеу ойындары басталды.

Облыстың 16 аудан-қаласынан келген 528 оқушы спорттың 6 түрінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтап жатыр. Олар кіші футбол, үстел тенисі, воелейбол, баскетбол, шахмат және тоғыз құмалақтан өнер көрсетеді. Жобаның мақсаты - жастар арасындағы бұқаралық спортты дамытып, оқушылардың спортқа деген құштарлығын арттыру. Айта кетейік, өткен жылғы облыстық іріктеуге өңірден 500-дей оқушы қатысқан болатын. Жеңімпаздар республикалық байрақты бәсекеде үшінші орынан көрінді. Осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған сайыстың жеңімпаздары ертең белгілі болады.

Қайрат Арап, облыстық білім басқармасының бас маманы:

- Осы жарыстың жеңімпаздары алдағы маусым айында Көкшетау қаласында  өтетін республикалық бәсекеге қатысуға мүмкіндік алады. Бүгінгі жарысқа мектеп, аудан, қаладан іріктелген мықтылар  қатысып жатыр.

Телеканал Хабар 24