Предупреждение
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 94
  • JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 64
386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстандық WBC чемпионы Фьюримен бір кеште жұдырықтасады

  • 234
  • UPD: 11:43, 16.08.2019
Қазақстандық WBC чемпионы Фьюримен бір кеште жұдырықтасады express-k.kz

Жеңіл салмақта жастар арасындағы WBC Inter-Continental белбеуінің иегері Искандер Харсанның (6-0, 5 КО) жекпе-жегі қашан өтетіні анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

22 жастағы қазақстандық боксшы 14 қыркүйек күні америкалық Исидро Очоамен (7-0, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena кешенінде өтеді. 

Кештің басты жекпе-жегінде аса ауыр салмақтағы британиялық боксшы Тайсон Фьюри (28-0-1, 20 КО) мен швециялық Отто Валлина (20-0, 13 КО) қолғап түйістіреді.

Айта кетейік, Искандер Харсан соңғы жекпе-жегін 24 наурыз күні Алматы қаласында Джаб Мемишвилиге қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Телеканал Хабар 24