429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
РУС


Қазақстанда ең қымбат футболшы кім

  • 192
Қазақстанда ең қымбат футболшы кім Prosports.kz

Қазақстанда ең қымбат футболшылардың рейтингі жаңартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt дерегіне сүйенсек, «Қайрат» командасы сапында ойнайтын польшалық Яцек Гуральски еліміздегі қымбат футболшы атанды. Қазір оның трансферлік құны – 2,5 миллион еуро.

Екінші орында «Қайраттың» тағы бір футболшысы украиналық Адеринсола Эсеола тұр – 2,2 миллион еуро.  Үшінші орынға бұрын көш бастап тұрған «Астана» ойыншысы хорватиялық Марин Томасов жайғасты. Оның трансфер бағасы 2 миллион еуроны құрады.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасындағы топ-10 қымбат футболшы:

1. Яцек Гуральски («Қайрат», Польша) - 2,5 миллион еуро;

2. Адеринсола Эсеола («Қайрат», Украина) - 2,2 миллион  еуро;

3. Марин Томасов («Астана», Хорватия) - 2 миллион  еуро;

4-5. Раде Дугалич («Қайрат», Сербия) - 1,8 миллион еуро;

4-5. Дмитрий Шомко («Астана», Қазақстан) - 1,8 миллион еуро;

6-8. Дорин Ротариу («Астана», Румыния) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Пиерос Сотириу («Астана», Кипр) - 1,7 миллион еуро;

6-8. Дино Миканович («Қайрат», Хорватия) - 1,7 миллион еуро;

9-12. Стас Покатилов («Қайрат», Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Роман Муртазаев («Тобыл», Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Нұралы Әліп («Қайрат», Қазақстан) - 1,5 миллион еуро;

9-12. Тигран Барсегян («Астана», Армения) - 1,5 миллион еуро.

Айта кетейік, Томасов бірнеше маусымнан бері рейтинг басында тұрған. Оның трансферлік құны 3,8 миллионнан екі миллионға дейін түсіп қалды.

Телеканал Хабар 24